2021 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша түсті кендерді өндіру көлемінің өсімі 3,1% құрады.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Өндіріс көлемінің артуы:
«Қазхром»ТҰК» АҚ-да марганец кенін өндіру 56%;
«Қазмырыш» ЖШС-де кен өндіру 24%;
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де кен өндіру 3%;
«Алтыналмас АК» АҚ-да құрамында алтын бар кенді өндіру 87%;
«Қазақстан Алюминийі»АҚ-да боксит өндіру 12%;
«Майқайыңалтын» АҚ құрамында алтын бар кенді өндіру 4 %;
«Комаровское ГП» ЖШС құрамында алтын бар кенді өндіру 7%;
«Бақыршық ТК» ЖШС-де құрамында алтын бар кенді өндіру 7%.