Биылғы 7 айда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жарияланды
Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланды

Осы жылдың 7 айында 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,3% құрайды.

Қазақстан бойынша барлығы:

66 014 тұрғын үй (оның ішінде – 21 193 жеке үй) салынды.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі еліміздің барлық өңірінде артты.

Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

Жалпы құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,1% құрады.

Сондай-ақ оқыңыз