Жаңалықтар

Германия 12 жастан асқан балаларды індетке қарсы жаппай иммундауды қарастыруда

Еуропалық дәрі - дәрмек агенттігі жасөспірімдер үшін екі препаратты мақұлдады

Германия 12 жастан асқан жасөспірімдерді COVID-19-ға жаппай иммундауды қарастыруда. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Мұндай ұсыныстарды вакцинация жөніндегі тұрақты комиссияның мамандары ортаға салды. Соңғы уақытқа дейін мұны тек созылмалы аурулары бар балалар үшін жасау керек деп есептелген. Ғалымдар АҚШ-та жүргізілген зерттеу негізінде жаңа қорытындыға келді. Оған он миллионға жуық кәмелетке толмағандар қатысты. Еуропалық дәрі – дәрмек агенттігі жасөспірімдерді вакцинациялау үшін екі препаратты мақұлдады-Pfizer және Moderna.

 Индонезияда пандемия басталғаннан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 3 871 738-ге жетті, 18 833 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте тағы 17 384 COVID-19 фактісі тіркеліп, 1 245 адам қайтыс болғаны анықталды. Вирустың таралуына байланысты елде Ява және Бали аралдарында көп деңгейлі шектеулер жүйесі қолданылған. Үкімет 208,2 миллион адамды вакцинациялауды жоспарлап отыр. Жуырда Индонезия 5 миллион дозада қытайлық Sinovac вакцинасының партиясын алды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 28,52 миллион азамат вакцинацияның толық курсынан өтті, ал 54,38 миллион адам бірінші компонентпен егілді.