Биыл отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2 есеге артты
Жарияланды
7 айда жолаушылар саны 5,1 млн адамға жетті
Биылғы 7 айда отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2 есеге артты. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Әуе рейстері біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін биыл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер өсті.
2021 жылдың 7 айында тасымалданған жолаушылар саны 96% артып, 5,1 млн адамға жетті.
Анықтама:
2020 жылдың осы кезеңінде 2,6 млн адам, ал 2019 жылы 4,6 млн адам болған.
Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 58% артып, 8,1 млн адам болды.