Нигерияда жыл басынан бері тырысқақ ауруынан 1178 адам қайтыс болды.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Нигерия ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Чикве Ихеквезу эпидемия 1 қаңтар мен 14 тамыз аралығында 23 штатқа таралғанын айтты.
Оның айтуынша, осы кезеңде 37 819 адамға тырысқақ диагнозы қойылған.
Сонымен қатар, жұқтырғандардың 26 пайызы 5 пен 14 жас аралығындағы балалар, дейді Ихеквеазу.
«51 % жағдайда жұқтырғандар ер адамдар, 49 % -ында әйелдер», – деп түсіндірді ол.
«Үкімет қауіпті аурудың таралуына жол бермеу үшін шаралар қолданып жатыр», – деп мәлімдеді НКДК басшысы тұрғындарды жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Жаңа типтегі коронавирустық инфекция (COVID-19) Нигерияда да таралуда.