Оңтүстік-Шығыс Азияда вакцинация бойынша Оңтүстік Корея көш бастап тұр

Жарияланды
Елде вакцинаның бірінші компонентін халықтың 44,9%-ы алды

Оңтүстік-Шығыс Азияда вакцинациясы бойынша Оңтүстік Корея көш бастап тұр.Мәселен, өткен тәулікте 661 839 адам коронавирусқа қарсы екпе жасаған.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Бүгінгі таңда елде вакцинаның бірінші компонентін халықтың 44,9%-ы немесе 23 050 358 адам алды. Вакцинаның екі дозасын 9 996 839 тұрғын алды. AstraZeneca – 10 669 603, Pfizer — 9 981 587, Janssen — 1 129 777, Moderna — 1 259 391 адам егілді.

Дамушы елдерге коронавирустық вакцинаны тегін алуға мүмкіндік беретін БҰҰ-ның COVAX жаһандық бастамасы аясында Испания Эквадорға AstraZeneca вакцинасының 101 760 дозасын ұсынды. Вакциналар ғана емес, сонымен қатар пандемиямен күресте ауруханалар мен медициналық қызметкерлерді қолдау үшін қажетті жабдықтар ел астанасы Китоға жеткізілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз