Ресейде коронавирустық инфекцияға қарсы тағы бір препарат әзірленді. Роспотребнадзор басшысы Анна Попова COVID-19-ға қарсы бесінші вакцинаның пайда болғанын жариялады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Новосибирсктегі «Вектор» ғылыми орталығы «Эпиваккорон-Н» COVID-19 вакцинасын тіркеуге құжаттар тапсырды. Препарат жақын арада тіркеледі деп күтілуде.
Қазір Ресейде келесі вакциналар қолданылады: «Спутник V», «ЭпиВакКорона», «КовиВак» және қайта иммундау үшін ұсынылатын «Спутник Light»
Америкалық Pfizer компаниясы өндірген коронавирустық вакцинасының 44,460 дозасы Албанияға жеткізілді. Пандемия басталғаннан бері елге вакцинаның 1 845 660 дозасы келіп түсті. Жаппай вакцинациялау барысында COVID-19-дан 1 300 000 астам инъекция жасалды. 500 мыңнан астам адам толықтай егілді. Пандемия басталғаннан бері Албанияда коронавирустық инфекцияның 136 598 жағдайы анықталды, 2 468 пациент COVID-19 асқынуларынан қайтыс болды.