Қырғызстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                
                                    
                         28-31 тамыз аралығында
                    
                            Қырғызстандықтар тамыздың соңында төрт күн демалады. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
Қоғамдық даму министрлігі халықтың демалыс және мерекелерді ұтымды пайдалану үшін үкіметтің 2021 жылдың 4 мамырындағы «демалыс күнін ауыстыру туралы» қаулы қабылдағанын еске салды.
Жарлыққа сәйкес 10 мамыр демалыс күні 30 тамызға ауыстырылды. Осыған байланысты қырғызстандықтар 28-31 тамызда демалады.
