Қырғызстандықтар тамыздың соңында төрт күн демалады. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
Қоғамдық даму министрлігі халықтың демалыс және мерекелерді ұтымды пайдалану үшін үкіметтің 2021 жылдың 4 мамырындағы «демалыс күнін ауыстыру туралы» қаулы қабылдағанын еске салды.
Жарлыққа сәйкес 10 мамыр демалыс күні 30 тамызға ауыстырылды. Осыған байланысты қырғызстандықтар 28-31 тамызда демалады.