Жаңалықтар

Өзбекстанда 1 қыркүйектен бастап жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Өзбекстан президенті жарлыққа қол қойды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 1 қыркүйектен бастап жалақыны, зейнетақыны, стипендия мен жәрдемақыны орташа есеппен 10% -ға арттыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы gazeta.uz сайты хабарлады.

«Халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын одан әрі күшейту үшін. Сонымен қатар, коронавирустық пандемия кезінде мұқтаж отбасыларға материалдық қолдау көрсету мақсатында» келесі өлшемдер белгіленген:

ең төменгі жалақы – айына 822 мың сом;

базалық есептік құны – айына 270 мың сом;

зейнетақыны есептеудің базалық сомасы -айына 289 мың сом;

зейнетақының мөлшері – айына 565 мың сом;

мүгедек балаларға арналған жәрдемақы мөлшері – айына 622 мың сом;

қажетті жұмыс тәжірибесі жоқ қарттар мен мүгедек азаматтарға берілетін жәрдемақының мөлшері – айына 440 мың сом;