“Үй алып беремін”: алаяқтар күн санап артуда
Жарияланды
Шымкент тұрғыны алаяққа сеніп, 300 мың теңгесінен айрылды
Алаяққа алданған Шымкент қаласының тұрғыны Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне арызданған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Белгісіз тұлға мемлекет тарапынан үй алып беремін деп 300.000 теңгесін иемденіп алғанын айтқан.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.