Жаңалықтар

“Үй алып беремін”: алаяқтар күн санап артуда

Шымкент тұрғыны алаяққа сеніп, 300 мың теңгесінен айрылды

Алаяққа алданған  Шымкент қаласының тұрғыны Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне арызданған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты

Белгісіз тұлға мемлекет тарапынан үй алып беремін деп 300.000 теңгесін иемденіп алғанын айтқан.

 Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.