Жаңалықтар

АҚШ-тың Оңтүстік Миссисипи штатында науқастарға арналған төсек орындар таусылды

Бұл елде Миссисипи штаты иммундау үлесі бойынша соңғы орында

 Вакцинацияны қабылдамаудың салдары денсаулыққа өз кері әсерін береді. АҚШ-тың Оңтүстік Миссисипи штатында COVID-19 жұқтырып, ауыр жағдайдағы науқастарға арналған ауруханалардағы төсек орындары таусылды.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Қарқынды терапия палаталары пациенттерге лық толы. Ауруға шалдыққандар күту залдарына және медициналық мекемелердің дәліздеріне орналастырылуда. Университеттің медициналық орталығының гараждарына екі далалық аурухана орналастырылған. Өйткені штат билігі халықты вакцинациялауды талап етпейді және бүгінгі күні Миссисипи иммундау үлесі бойынша соңғы орында. Нәтижесінде «дельта» штамының әсерінен коронавирустың таралу деңгейі бірнеше есеге артты.
                                                                                                                                                                                                   
 Косово жұқпалы ауруханалары енді науқастарды қабылдай алмайды. Күн сайын коронавирус тасымалдаушыларының саны жүздеген есеге көбейді. Бір күн бұрын облыста COVID-19 жұқтырған 2 236 жағдай тіркелді, бұл жаңа антирекорд. Бір айдың ішінде вирус тасымалдаушылар саны бірнеше жүзден 10 мыңға дейін көтеріліп, өсу көрсеткіші ұлғаюда. Ауруханаға түскен пациенттердің 90%-ы оттегі астында жатыр. Олардың барлығы вакцинацияланбаған. Қазіргі уақытта 221 мың косовшы егуді толығымен жасады. Бүгіннен бастап жағдайды бақылау үшін билік жаңа шектеулер енгізді.