Түркістан: Төлебиде қарқынды бау көлемі 400 гектардан асқан

Жарияланды
Бүгінде шаруашылық 138 гектар аумаққа Италиядан әкелінген 265 000 түп ағаш отырғызған

Төлеби ауданында қарқынды бау көлемі 436 гектарға жеткен. Мәселен, Кемеқалған ауылдық округі Абай елді мекенінде орналасқан «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі алма бауын егуді қолға алған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Өндірістік кооператив – аймақтағы ең үлкен жобалардың бірі. Бүгінде шаруашылық 138 гектар аумаққа Италиядан әкелінген 265 000 түп ағаш отырғызған. Грении Смит, Айдаред, Голден Делишес, Гала сынды сұрыпты алмалар бүгінде өнім беріп, кәсіпкер піскен жемісті жинау жұмысын жүргізуде. Қарқынды алма бауында тіреуіш бағаналары, күннен қорғайтын тор және тамшылатып суғару жүйесі орнатылған.

Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы өндірістік кооперативке арнайы барып, ондағы атқарылған жұмыс барысымен танысты. Алма піскен жиын-терім уақытта 150 адам маусымдық жұмысқа тартылады. Жоба құны 1 млрд 645,2 млн теңге болса, кәсіпкер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1 млрд 153,3 млн. теңге несие алған.
 

Сондай-ақ оқыңыз