Кабул әуежайы 48 сағатқа жабылады

Жарияланды
Әуежай аумағында жүргендерді эвакуациялау үшін

Кабул әуежайы өз аумағында жүргендерді эвакуациялау үшін екі күнге жабылады, деп хабарлайды Khaama Press АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап.

Әуежай қақпасына елден кеткісі келетін мыңдаған адам жиналды.

 «Кабул әуежайынан шығатын жолдың ашылуы тәртіп пен заңдылықты сақтау үшін қажет», – деді қозғалыс өкілі РИА Новостиге.

Әсіресе, американдық әскерлердің шығарылуының аясында Ауғанстандағы жағдай күрделене түсті: тамыздың басында радикалды «Талибан» қозғалысының (бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған террористік ұйым) содырлары ауқымды шабуылға шықты, ірі қалаларды басып алып, Кабулға кірді. Президент Ашраф Ғани елден қашып кетті.

Қазір Тәліптер  Ауғанстанның көп бөлігін және барлық құрлықтағы шекара өткелдерін бақылауда ұстайды.  Азаматтар елден тек Кабул әуежайы арқылы кете алады.

 

Сондай-ақ оқыңыз