Балаларға арналған ақша туралы ең жақсы кітаптар мен мультфильмдер тізімі

Жарияланды (жаңартылды )
Қаржы тақырыбына жеңіл және түсінікті тілде жазылған арнайы әдебиет

Қаржы тақырыбына жеңіл және түсінікті тілде жазылған арнайы әдебиет, анимациялық фильмдер сіздің балаңызды қаржылық сауаттылықтың негіздеріне үйретеді. Бұл туралы Fingramota.kz сайты хабарлады.

«Как рассказать детям о деньгах» (Балаларға ақша туралы қалай айтуға болады). Авторлары: Сергей Биденко және Ирина Золотаревич. Оқырмандар жасы: 2+

Көлемі шағын, бірақ өте қызықты кітап, ыңғайлы болу үшін ол баланың жасына қарай блоктарға бөлінген, онда оқып, зерделеуге арналған тақырыптар көрсетілген. Сондай-ақ, ақшамен іс-әрекет жасауға үйрететін, толық сипаттамасы берілген 100 ойын бар. Бонус ретінде авторлар қаржы туралы балалар әдебиетінен мысалдар келтіреді.

 
«Теңгегүл мен оның достарының бастан кешкен қиял-ғажайып оқиғалары. Көңілді қаржылық сауаттылық сабақтары». Оқырмандар жасы: +5

Бұл бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі кітап, оны дайындауға Fingramota.kz те ат салысты. Кітап үш достың және Сиқырлы Монетканың Қаржы әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары туралы баяндайды. Кітапта экономиканың құпиялары, ақшамен қалайша достасуға болатындығы және Қаржы әлемінің қыр-сыры жөнінде баяндалады.

Кітаптың құрылымы қарапайымнан біртіндеп күрделене түседі. Кітаптың кейіпкерлері терминдермен, ұғымдар және анықтамалармен танысып, зерделейді, жинақтау, жеке және отбасылық бюджет туралы бастапқы білімнен біртіндеп қаржы құралдарының мағынасын ажыратып, қаржы нарығы қалай жұмыс істейтіні туралы хабардар болады. Әрбір тақырыпқа жеке әңгіме арналған, оған тапсырмалар, глоссарий, ойындар, қосымша материалдар мен комикстер қоса берілген. Кітаптың ұстаздарға, тәрбиешілерге, ата-аналарға көмегі зор.

 
«Дети и деньги» (Балалар және ақша) Авторы: Евгения Блискавка. Оқырмандар жасы: 5+

Бала көп жағдайда отбасылық бюджетпен бірінші рет дүкенде кездеседі: ұнаған ойыншығын сатып әперуін сұрап жылайды және анасының «қазір ақша жоқ» деген қатқыл сөзін естиді. Алайда, үш жасар сәбиге де сатып алуды жоспарлауды түсіндіруге болады және ол қажет, себебі бұл – болашақтағы қаржылық еркіндікке жасаған бірінші қадам. Авторлар баланың ақылмен жинақтау және үнемдеу ғылымын игеруі үшін оны қаржымен өзара іс-әрекетке үйретуді қалай бастауға ұсынымдар береді.

 
«Инструкция к деньгам. Потрясающе весёлый гид по миру финансов» (Жас өспірімдерге бай әке, кедей әке). Авторы: Хайди Фидлер. Оқырмандар жасы: 7+

Ерекше кітап, ол қарапайым және қызықты мысалдармен негізгі экономикалық терминдер жөнінде айтып береді, ақша табуды, оны сақтай білуді және жұмсауды үйретеді және қаржы құралдарымен жұмыс істеу қағидаттарын түсіндіреді. Түрлі-түсті иллюстрациялар баланың назарын аударып, үйрету әсерін күшейтеді.

 
«Пёс по имени Мани» (Мани атты ит). Авторы: Бодо Шефер. Оқырмандар жасы: 8+

Кішкентай қыз бен және сиқырлы лабрадор Манидың тарихы. Мани атты төбет ит кішкентай қызды алға қойған мақсатқа қалай жетуді және ең қиын жағдайларда табанды болуға үйретеді. Практикалық кеңестер, жеңіл қиылысқан хикаялар балаларға ғана емес, ересектерге де пайдалы. 

 
«Как потратить деньги с умом» (Ақшаны ақылмен қалай жұмсауға болады). Авторлары: Джерри Бейли және Фелиция Ло. Оқырмандар жасы: 9+

Бұл кітапта авторлар сауда-саттық қағидаттарын талдайды: баға белгілеу, тұтынушылық кредиттер, импорт және экспорт, кедендік сүйемелдеу және ақылмен сатып алу. Сондай-ақ, кітапта қосымша пайдалы салалық ақпарат алуға болатын интернет-порталдардың тізбесі берілген.

 
«Богатый папа, бедный папа для подростков» (Жас өспірімдерге бай әке, кедей әке). Авторы: Роберт Кийосаки. Оқырмандардың жасы: 15+

«Богатый папа, бедный папа» кітабын барлығымыз оқыған шығармыз? Ал кітаптың бұл нұсқасы жасөспірімдерге, оның ішінде олардың ақшаға басқа көзқараспен қарауына, өздерінің қаржылық мақсаттарына және оларға қол жеткізу тәсілдеріне назар аударуына бағытталған. Ақпарат барынша түсінікті тілмен жазылған, кітапта ақшаны басқара алу қабілетіне басты назар аударылған, яғни ақша рахаттану сезімін ғана емес, кіріс те әкелуі қажет, яғни оларды активтерге айналдыру жолы түсіндірілген.

 
«Смешарики. Азбука финансовой грамотности» (Смешариктер. Қаржылық сауаттылық әліппесі» мультфильмі.) мультфильмі. 

2017 жылғы 31 мамырда «Смешариктерді» шығаратын «Рики» МА халықтың қаржылық сауаттылығын дамыту бойынша бастамалардың конкурстық іріктеуінен өтті. Ресейдің Қаржы министрлігінің қолдауымен компания тоғыз сериядан тұратын қаржыға арналған мультфильм түсірді. Әр ролик үш минутқа созылады және белгілі бір тақырыпты ашады: инвестициялар, кредиттер, бюджетті жоспарлау және сатып алу, жинақ, сақтандыру, қаржылық мақсаттар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Тақырып көрермендерді қызықтырғандықтан рэпизодтар саны жиырмаға жетті.

 
«Азбука денег. Уроки тетушки Совы» (Ақша әліппесі. Жапалақ апайдың сабақтары)

Бұл мультфильмнің басты кейіпкері – кемеңгер үкі. Ол жас көрермендерді ғылымның әртүрлі салаларымен таныстырады. «Азбука денег» қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған және 13 сериядан тұрады. Онда ақша, баға, отбасылық бюджет, қаржылық жоспарлау, табыс, кредит және депозит және экономика құрылымы туралы ұғымдарға түсініктеме беріледі. Әр эпизодта қызықты тарихи дерек келтірілген.

 
«Богатый бобренок» (Бай құндыз)

Бұл интерактивті мультфильм де Қаржы министрлігінің қолдауымен түсірілген. Оны премьерасы 2019 жылдың басында өтті. Барлығы он екі серия жарыққа шықты, әрқайсысы қаржылық сауаттылықтың басты мәселесі: ақша не үшін қажет, бюджетті қалай жүргізу керек, бизнес деген не сияқты сауалдарға жауап береді. Бала «қалаймын» мен «қажет» дегеннің арасындағы айырмашылықты білетін болады, өзінің кірістері мен шығыстарын жоспарлауды және ақшаны тиімді басқаруды үйренеді. Сондай-ақ, әр адамның өміріндегі мемлекет пен қоғамның атқаратын рөлімен танысады.
 

Сондай-ақ оқыңыз