Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавируспен вакцинацияланбаған азаматтар кинотеатрларға, мейрамханаларға және басқа да қоғамдық орындарға бару үшін КВИ тестін тапсыруы керек деді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстандағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
ПТР-тестінің теріс нәтижесінің болуы ішкі авиаұшуларды және қоғамдық көлікте қалааралық сапарларды жасау үшін міндетті болады.