Дамушы елдердің валюта бағамы бір апта ішінде қалай өзгерді
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 20 тамызда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,4%-ға (425,16-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 426,93 теңге деңгейінде қалыптасты.Бұл туралы ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.
Сыртқы валюта нарығында 2021 жылдың 13-20 тамыз аралығындағы кезеңінде дамушы елдер валюталарының көпшілігінің серпіні теріс болды.
Ашық нарықтар жөніндегі комитеттің соңғы отырысынан соң жарияланған хаттамасында АҚШ ФРЖ шенеуніктерінің көпшілігі 2021 жылы сан жағынан оңайлату бағдарламасын қысқарта бастаудың орындылығы туралы пікір білдірді, бұл АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюына себеп болды. Шілдеде ҚХР-да экономиканы қалпына келтірудің бәсеңдегені байқалады, деректер экономистердің болжамынан да нашар болып шықты: бөлшек сауда 8,5%-ға ж/ж, өнеркәсіптік өндіріс 6,4%-ға ж/ж өсті. Қытай ірі технологиялық компаниялардың ықпалын тежеу үшін шаралар қолданып, компаниялардың жеке деректерді қалай өңдей алатыны туралы қатаң ережелерді белгілейтін заңнаманы қабылдады.
Сыртқы валюта нарығында 2021 жылдың 13-20 тамызы аралығында дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:
түрік лирасы Орталық банктің АКС өлшемдерін өзгеріссіз сақтау жөніндегі соңғы шешімінен кейін инвесторлардың негізгі мөлшерлеменің төмендеуін күтуінің азаюы аясында 0,2%-ға(8,52-ден 8,5-ке дейін) нығайды;
үнді рупиясы АҚШ ФРЖ-ның жарияланған хаттамасы мен активтерді сатып алу бағдарламасының тез арада қысқаруын күту аясында 0,2%-ға (74,25-тен 74,39-ға дейін) әлсіреді;
Индонезия рупиясы коронавирус таралуының жалғасуына және АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюына байланысты қауіптену аясында 0,5%-ға (14 388-ден 14 453-ке дейін) әлсіреді;
Ресей рублі мұнай бағасын белгілеудің төмендеуі (аптасына -7,7%) мен АҚШ ФРЖ хаттамасы жарияланғаннан кейін инвесторлардың тәуекелге ұшырауының төмендеуі аясында 0,9%-ға (73,3-тен 73,93-ке дейін) әлсіреді;
Мексика песосы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы мен эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында 2,5%-ға (19,88-ден 20,37-ге дейін) әлсіреді. Елде тіркелген науқастардың тәуліктік көрсеткіші рекордтық 29 мыңға жетті;
Бразилия реалы Қытайдағы болатқа деген сұраныстың төмендеуіне байланысты елдің негізгі экспорттық тауарларының бірі – темір бағасының күрт төмендеуіне байланысты 2,5%-ға (5,25-тен 5,38-ге дейін) әлсіреді;
Оңтүстік Африка ранды 1997 жылдан бері 1 күнде шетелдік капиталдың рекордтық әкетілуі
(-$1,8 млрд.) аясында 3,9%-ға (14,73-тен 15,3-ке дейін) әлсіреді.