Жаңалықтар

Еуропа пандемиямен күресте Солтүстік Кореяға қолдау көрсетеді

Швеция коронавирусқа қарсы үшінші екпе салуды бастауы ықтимал

Еуропа пандемиямен күресте Солтүстік Кореяға қолдау көрсетеді. Германия коронавирустың таралуына қарсы тұруға көмектесу үшін мамандар жібереді. Пандемия жарияланғаннан бері Пхеньян шекараны жауып, азаматтардың еркін қозғалысын шектеді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстандағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

КХДР – жабық ел. Тамыз айының басындағы мәліметтерге сәйкес, 35 мыңнан астам адам коронавирусқа тест тапсырды, бірақ инфекция туралы хабарланған жоқ. Соған қарамастан, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі комитеті Германияның Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыру туралы өтінімін мақұлдады.

Швеция коронавирусқа қарсы үшінші екпе салуды бастауы ықтимал. Стокгольм әкімшілігі ел Үкіметінен қарттар үйіндегі және COVID-19 қауіп-қатер тобындағы азаматтарды  қалай және қашан қайта вакцинациялауды бастайтыны туралы ақпарат беруді талап етті. Бұл Швецияда коронавирустық инфекцияның көбеюіне байланысты.