Жаңалықтар

Швейцария Өзбекстанға 1,1 миллионнан астам медициналық бетперде жіберді

Маскалар індетпен күресудегі материалдық базасын нығайтуға арналған

Швейцария үкіметі Өзбекстанға 1,1 миллионнан астам FFP2 медициналық бетперде берді. Бұл туралы gazeta.uz сайты хабарлады.

Ташкентке жеке қорғаныс құралдарын жеткізген ұшақ Кабулдан эвакуацияланған азаматтарды қайтар жолда алып кетеді.
Швейцария Өзбекстанға екінші дәрежелі қорғаныс (FFP2) 1 миллион 145 мың медициналық бетперде берді. Жүк Ташкент әуежайына жеткізілді, деп хабарлады санитарлық -эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі.

Маскалар Өзбекстандағы медициналық мекемелердің коронавируспен күресудегі материалдық базасын нығайтуға арналған, делінген хабарламада.

Швейцария Сыртқы істер министрлігі бұған дейін ұшақ Кабулдан эвакуацияланған Швейцария азаматтары мен басқа адамдарды қабылдайтынын хабарлаған.