Жаңалықтар

АҚШ 14 тамыздан бері Ауғанстаннан 82,3 мың адамды эвакуациялады

Бәр тәулікте Хамид Карзай атындағы Кабул халықаралық әуежайынан тағы 19 мың адам эвакуацияланды

14 тамыздан бастап, яғни Ауғанстаннан эвакуациялық операция басталғалы бері АҚШ билігі бұл елден барлығы 82 300 адамды шығарды. Бұл туралы Анадолу сайты  Ақ үйдің хабарламасына сілтеме жасап, хабарлады. 

Бір тәуліктің өзінде Хамид Карзай атындағы Кабул халықаралық әуежайынан тағы 19 мың адам эвакуацияланды.

Соңғы 12 сағат ішінде бортында 11200 адамы бар 42 әскери рейс және коалициялық 48 рейс орындалды.

Сонымен қатар, есепте шілде айының соңынан бері 87900 -ге жуық адамның басқа елдерге қоныс аударылғандығы айтылады.