Жаңалықтар

Мыңға жуық адам Ресейге Ауғанстаннан кіруге рұқсат алды

Төрт санаттағы адамдарға рұқсат беріледі

Мыңға жуық адам Ауғанстандағы Ресей елшілігінен елден кетуге рұқсат алды, олардың арасында ауған текті Ресей азаматтары, ресейлік жоғары оқу орындарының студенттері, тұруға рұқсат иелері және Ресей Федерациясында жұмыс істеуге рұқсаты бар азаматтар бар,-деді Ресейдегі Ауғанстан диаспорасының президенті  Гулам Мохаммад Джалал. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.

 «Ресейдің Ауғанстандағы елшілігі біздің сұраныстарға жауап берді, маған төрт санаттағы адамдарға рұқсат берілгені туралы қоңыраулар келді (Ресейге Ауғанстаннан кіруге) – бұл Ресейден шыққан Ауғанстан азаматтары, Ресей университеттерінде оқитын студенттер, үшінші категория – бұл экономикалық құрылымдарда жұмыс істейтіндер және шығу визасы бар және жұмыс істеуге рұқсаты бар адамдар, төртінші санат – тұруға рұқсаты бар адамдар. Бұл адамдарға әуежайдың техникалық ашылуынан кейін елшілікке хабарласу керек», – деді Джалал.