Жаңалықтар

«Талибан» ауғандықтардың Кабулдағы әуежайға кіруіне тыйым салды

Тек шетелдіктерге рұқсат етілген

 «Талибан» (Қазақстанда Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, тыйым салынған)  Ауғанстан азаматтары үшін Кабул әуежайына кіруге тыйым салды. Әуежайға тек шетелдіктер ғана кіре алады,-деп хабарлады РИА Новостиге «Талибан»  мәдениет жөніндегі комиссиясының дереккөзі.

Дереккөз мәліметінше, жергілікті тұрғындар әуежай алдында тәртіп бұзған, барлық есік жабық. Әуежайға кіру, шетелдік азаматтығы бар ауғандарға қатысты қосымша ескерту шыққанға дейін жабылады.

Куәгерлердің бірі РИА Новостиге берген сұхбатында содырлардың елшілік көліктерін кіреберісте тоқтататынын және жергілікті тұрғындардың арасынан дипломатиялық өкілдерді алып, әуежайға жеткізуге рұқсат бермейтінін айтты.