Жаңалықтар

Тунис жағалауында 200 -ден астам заңсыз мигрант ұсталды

Мыңдаған мигранттар жыл сайын Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтуге тырысады

Тунис Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жағалау күзеті бөлімшесі елге теңіз арқылы заңсыз кірудің 11 әрекетінің алдын алды. Бұл туралы Анадолу  сайты хабарлады.

Операциялардың уақыты туралы ақпарат берілмеген.

Ұсталған мигранттардың 104 -і Африкадан, қалғандары тунистік.

Тунис пен Ливия – Еуропаға барғысы келетін заңсыз мигранттар жолындағы транзиттік пункттер.

Мыңдаған мигранттар жыл сайын Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтуге тырысады. Олардың кейбіреулері жолда көз жұмады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының (БҰҰ БЖКБ) өкілі Карлотта Сами 4 мамырда 2021 жылдың басынан бері кемінде 500 мигрант Орталық Жерорта теңізінің миграциялық жолы арқылы Еуропаға өтпек болған кезде теңізде қайтыс болды деп мәлімдеді.