Жыл басынан бері Анталияға 5 миллионға жуық шетелдік турист келді

Жарияланды
Анталиядағы қонақ үй кешендерінің толу деңгейі қазір 80% -ға жетті

Жыл басынан бері Анталияға шетелдік туристер ағыны 5 миллионға жуық адамды құрады.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Шетелдік туристердің көпшілігі ресейліктер болды.

Өткен жылы Анталияға 3,5 миллион шетелдік турист келген.

Кәсіби қонақ  үй ассоциациясының жетекшісі Улкай Атмажа биыл туристік маусымның өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы өтіп жатқанын айтты.

  «Жылдың басында біз 2020 жылға қарағанда туристік ағынды кемінде екі есе көбейтуді мақсат етіп қойдық. Сандар нысананың жақын екенін көрсетеді. Бұл тамыз айы, ал жыл басынан бері туристер ағыны 2020 жылдың көрсеткішінен асып кетті. Өткен жылы біз Анталияда 3,5 миллион қонақ қабылдадық. Менің ойымша, осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш кем дегенде 7 миллионға жетеді », – деді Атмажа.

Қауымдастық басшысы Анталиядағы қонақүйлердің толу деңгейі қазір 80 пайызға жететінін айтты.

 

Сондай-ақ оқыңыз