Инвестиция

Павлодар облысы көмір өндіру бойынша көш бастап тұр

Қатты отынның 59,2% осы облыста өндіріледі

Павлодар облысының статистика департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, 2021 жылғы қаңтар-шілде айлары аралығында өңірде жалпы сомасы 77,6 млрд теңгеге тас көмір және лигнит өндірілді. Аталмыш өндіріс саласына 21,3 млрд теңге инвестиция құйылды. 

Тарқатып айтқсақ, Павлодар облысындағы кеніштерде еліміздегі 62,8 млн тонна қатты отынның 37,2 млн тоннасы өндіріледі. Бұл жалпы өнім көлемінің 59,2%-ын құрайды. Аталмыш көрсеткіш бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр. 

Өңірде көмір өндіру өнеркәсібінде еңбек ететін жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы 304 603 теңгені құрайды. 

Отандық өнімнің 33,6%-ын шығаратын Қарағанды облысы екінші, 6,7%-ын шығаратын Шығыс Қазақстан облысы үшінші орынды иеленеді.