Пандемиядан кейінгі кезеңде бизнеске, кәсіпкерлерге қолдау қажет. Сондықтан «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» жалғасын табады. Бұл бағдарламаларға 1 трлн теңге бөлінбек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауда ел экономикасын қаржыландыру мәселесіне тоқталып өтті.
«Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін созу туралы шешім қабылдадым. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржы көлемі кемінде 1 трлн теңге болады» деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатара мемлекет басшысы ел тәуелсіздігінің төртінші онжылдығы оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалып тұрғанын айтып өтті.
«Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік. Еліміз тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтындығы қазірдің өзінде айқын байқалуда. Кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет» деді Мемлекет басшысы.