Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырмақ

Жарияланды
Тәулігіне 16 мың баррельге артып отырады

1 қыркүйекте ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырыста Қазақстан атынан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев қабылданған шаралар әлемдік мұнай нарықтарына жағымды әсер ететінін атап өтті. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін орындау бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар тәулігіне 5,8 млн. баррель шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын 400 мың баррельге арттыруды  жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін квота қыркүйекте тәулігіне 1,508 млн. баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз