Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады
ОПЕК + келісімі бойынша мұнай өндіруді ұлғайтайтуды жалғастырады. Бұл ОПЕК + келісіміне қатысушы елдердің бейнеконференция форматындағы министрлер кездесуінен кейін белгілі болды. Отырыста Қазақстан атынан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Нұрлан Ноғаев кездесуге қатысушыларға жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, қабылданған шаралар әлемдік мұнай нарықтарына жағымды әсер ететінін атап өтті. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін орындау бойынша жұмыстарын жалғастырады.
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар тәулігіне 5,8 млн. баррель шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын 400 мың баррельге ұжымдық ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін квота қыркүйекте тәулігіне 1,508 млн. баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.