Жаңалықтар

S&P агенттігі қазақстандық Solva қаржы-техкомпаниясына «В» рейтингін берді

Жорамал – «тұрақты»

IDF Eurasia халықаралық тобына кіретін, микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС (Solva компаниясы) Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдері мен тұтынушыларды кепілсіз микрокредиттеу нарығында жетекші орын иеленеді. 

«Solva микроқаржы ұйымдары арасында қаржы-технологиялық түрлендіруде көшбасшы компанияға айналды. Жоғары операциялық тиімділік, клиент тарту арналарын әртараптандыру және толығымен цифрлық андеррайтинг компанияға Қазақстандағы дәстүрлі банктердің көпшілігіне қарағанда тұрақты кредиттік рейтинг алуға мүмкіндік берді. Компанияның қаржылық көрсеткіштерінен бөлек, кредиттік рейтингті бағалау кезіндегі маңызды элемент – реттеуші ортаның кемелденуі. 2021 жылғы реттеуші орган енгізген МҚҰ-ны міндетті түрде лицензиялау және қарыз алушылардың биометрикалық сәйкестендіру сала тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, IDF Eurasia компаниясында біз ұстанатын жауапты кредиттеу қағидаттарын таратуға және тұтынушылар құқығын қорғауды жақсартуға ықпал етті» деді IDF Eurasia компаниясының негізін қалаушы Борис Батин.

S&P Global Ratings өз талдауында Solva рейтингі агенттіктің IDF Eurasia тобының кредиттік қабілеті туралы пікірін білдіретінін атап өткен. Solva жиынтық несие портфелінің 40%-н біріктіретін және топ табысының шамамен 30-35 пайызын қалыптастыратын топтың ажырамас бөлігі болып қала бермек. Берілген рейтинг Қазақстандағы ШОБ пен жеке тұлғаларға алдағы екі жыл ішінде берілетін несие көлемі артады деген болжамға, 3-4 мөлшерде EBITDA қатысты қарызы бар топтың коллекторлық бизнесі мен берілген қарыздар көлемін және EBITDA табыстылығы 30%-дан аса арттырумен байланысты екені анық. Тұрақты жорамал топ қымбат емес қорландыру есебінен бәсекелес позицияларды арттыратын капитал мен өтімділік ағымдағы рейтингі үшін жеткілікті деңгейде сақтайды деген сенімге негізделген. 

«Осыдан бір жыл бұрын біз алғаш рет KASE-де облигация шығаруымыз сәтті болды. Бұл біз үшін ғана емес, барлық микроқаржылық саласы үшін дебют болды.  Былтыр кредит портфелі 40%-ға артып,  ШОБ кредиттеу нарығына  басқан қадамымыз да сәтті болып, біздің клиент қатарына Қазақстан бойынша 10 мың  кәсіпкер қосылды. Бұған қоса біз тұрақты негізде командамызды жас және терең сараптама жасайтын жетекші мамандармен толықтырып отырамыз  Икемді несие шарттары, микрокредиттерді онлайн және оффлайн режимде клиенттер үшін жылдам және ыңғайлы ресімдеу Solva өнімдеріне деген сұраныстың тұрақты түрде артуына алып келеді. Мұндай жағдайларда S&P кредиттік рейтингі Solva компаниясының бизнес-моделінің тұрақтылығын растайды және бізге әртараптандыру мен қорландыруды арзандату жағына қарай, оның ішінде институциялық инвесторларды тарту арқылы дамуға мүмкіндік береді» деді Қазақстандағы IDF Eurasia  жетекшісі Константин Барабанов.

IDF Eurasia құрамындағы Solva компаниясы тіпті пандемия кезінде жоғары технологиялық-цифрлық өнімдер  мен қызметтерді толық онлайн-режимде көрсетуі есебінен  қаржы тұрақтылығын жоғары деңгейде сақтай алды.

2021 жылдың  жарты жылдық нәтижесіне сәйкес, IDF Eurasia табысының 90%-ға артуы (134%-ға арту) Ресей мен Қазақстандағы кредиттеу көлемінің бір мезгілде ары қарай көбеюі мен деңгейі аса жоғары емес коллекторлық бизнестің дамуын қамтамасыз етеді.
Жаңа қарызды қаржыландыру  борыш нарығы мен банктік кредиттерге назар аудара отырып жүзеге асырылады. Алғашқы 12 ай ішінде Топ деңгейіндегі қарыздық қаражатты пайдалану деңгейі EBITDA-ның 3,5-3,7 деңгейдегі қатынасы бойынша тұрақты болып қалады деп күтіліп отыр. 

ОнлайнКазФинанс – 2017 жылы IDF Eurasia тобы құрған, Solva брендімен микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы-технологиялық компания, ШОБ пен жеке тұлғаларға қысқа және ұзақ мерзімді қарыз ұсынады. Solva тобы қорытынды EBITDA көрсеткішінің үштен бірін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жақында қолға алынған коллекторлық бизнес табысты және жылдам өсетін актив болмақ. 

Серіктес материалы