Жаңалықтар

Amazon 55 мың қызметкерді жұмысқа алуға ниетті

40 мыңнан астам бос жұмыс орны АҚШ -тағы компанияларға тиесілі

 Әлемдегі ең ірі интернет дүкен Amazon.com 15 қыркүйекте АҚШ пен Канадада өтетін Мансап күні аясында 55 мыңға жуық қызметкерді жұмысқа алуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.

Компания жарнама және қоғаммен байланыс бөліміне қызметкерлер іздейді. Сонымен қатар, Alexa ақылды станциясын дамытатын және жетілдіретін бөлімге қызметкерлер қажет.

Amazon киім мен басқа да өнімдерді сататын өзінің супермаркеттерін ашуды жоспарлап отыр.

Компания сонымен қатар, өзінің еншілес компанияларының қызметкерлерін толықтырмақ.

40 мыңнан астам бос жұмыс орны АҚШ -тағы компанияларға тиесілі. Оның ішінде Нью -Йорктегі, Беллевудегі, Вашингтондағы және Арлингтондағы (Вирджиния штаты) филиалдарын қосқанда, 220 мекеме. Онда корпоративтік кеңсе жоспарланған. Сонымен қатар, компания Канадада 1,8 мың бос жұмыс орны туралы хабарлады.