Бішкек тұрғындары тегін медициналық тексеруден, ЭКГ мен УЗИ -ден өте алады
Бішкек тұрғындары ақысыз медициналық тексеруден, ЭКГ мен УЗИ -ден өте алады, сонымен қатар көздерін тексере алады. Бұл туралы 24.kg сайты әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, елордада 1-10 қыркүйек аралығында COVID-19 вакцинациясына арналған ауқымды акция өткізілуде.
«Отбасылық медицина орталықтарында тіркелген және тіркелмеген халықты медициналық тексеруді хирургтер, ЛОР дәрігерлері, офтальмологтар, невропатологтар, эндокринологтар, кардиологтардан тұратын медициналық қызметкерлер бригадалары жүргізеді. Індетке қарсы екпе алудың маңыздылығы мен қажеттілігі бойынша белсенді түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. », – деп атап өтті муниципалитет.
Сонымен қатар, қала тұрғындары қтарына сәйкес УЗИ, ЭКГ және көру өткірлігін тексеруге ақысыз негізде өтуге болады.