Түркіменстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

Жарияланды
Ауғанстан көрші елге ерекше ризашылығын білдірді

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың өкімімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберілді,-деп хабарлайды Анадолу сайты Орталық Азия республикасының мемлекеттік БАҚ-қа  сілтеме жасап.

Ауғанстанға дәрі -дәрмектер, медициналық қызметкерлерге арналған қорғаныс киімдері мен медициналық бұйымдар, дезинфекциялаушы заттар, дәрілік ерітінділер, қорғаныш маскалар, хирургиялық қолғаптар, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған құралдар мен препараттар жіберілді, делінген ақпаратта.

Гуманитарлық жүкті ауған тарапына тапсыру рәсімі Герат провинциясындағы Тургунди ауылында провинция басшыларының, сондай -ақ түрікмен диаспорасы мүшелерінің қатысуымен өтті.

Ауған жағы көрші елге үнемі қолдау көрсетіп отырған Түрікменстан басшылығы мен халқына ерекше ризашылығын білдірді.

Энергетика, көлік және байланыс саласындағы жобаларды іске асыру арқылы көрші мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қоса отырып, Түрікменстан Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуде тығыз халықаралық ынтымақтастықты жалғастыруда.
 

Сондай-ақ оқыңыз