Семей тұрғыны зейнеткердің атына несие ресімдеген

Жарияланды
Алаяқ 1 300 000 теңгеге несие алған

Семей қ.ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 73 жастағы зейнеткер оның танысы өзінің сауалнамалық деректерін пайдаланып, алдау жолымен 1 300 000 теңге сомасына несие ресімдегені туралы өтініш білдірді. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыр қылмысты ашу үшін Семей қ. криминалдық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Сондай-ақ оқыңыз