Ауғанстандағы 2300 медициналық мекеменің 90% осы аптада жабылады. Бұл туралы vesti.ru сайты хабарлады.
«ДДҰ ұйым қолдайтын Ауғанстандағы 2300 медициналық мекеменің 90% -ға жуығы жұмысын тоқтатпақ. Олар осы аптаның соңына дейін жабылады деп күтілуде. Медициналық мекемелердің жабылуымен елде ауру мен өлім-жітім көбеюі мүмкін»,- деді ДДҰ төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Рик Бреннан.
Ол елдің медициналық мекемелерінің батыс демеушілері Ауғанстанның жаңа үкіметімен жұмыс жасай алмайтынын түсіндірді – бұл олардың ережелеріне қайшы.
Сонымен қатар, Бреннан ДДҰ мұндай шешімнің әсерін медициналық құрал -жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру арқылы, сондай -ақ 500 медициналық орталыққа қаржылай көмек көрсету арқылы жұмсартуға тырысатынын атап өтті.
Сонымен, ұйым өкілінің айтуынша, шамамен келесі аптада Кабулға Катардан медициналық құралдары бар екі -үш ұшақ келеді. Олар, басқалармен қатар, коронавирусқа тесттер мен созылмалы ауруларды емдеуге арналған жабдықтарды әкеледі.