Жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдары бір төлемге біріктірілуі мүмкін
Елімізде жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерлер үшін төлейтін бірнеше аударымы ортақ әлеуметтік төлемге біріктірілуі мүмкін.
Қазіргі кезде талқыланып жатқан өзгетулер мен толықтырулар «Салық кодексіне» «біріктірілген әлеуметтік төлем» деген төлем түрін енгізуді қарастырады. Оған жұмыс беруші қызметкерлері үшін өз қаражатынан төлейтін жарналар біріктірілмек.
Оған әлеуметтік салық (мөлшерлемесі 9,5%), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы (2023 жылдан бастап 5%), әлеуметтік аударымдар (3,5%) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарна (қазір – 2%, 2022 жылдан бастап – 3% болады) кіреді. Егер біріктірілген әлеуметтік төлемді ертеңнен бастап енгізсе, ол еңбекақы қорының 15%-ын құрайтын еді. Ал 2023 жылдан бастап МӘМС-ке аударым пайызы өсіп, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін кезде, 21% пайызға жетпек.
Осы өзгерістер мен түзетулерді әзірлеген депутаттардың пікірінше, біріктірілген әлеуметтік төлемді енгізу – салық төлеушілердің еңбек шығынын қысқарту, банк комиссияларына жұмсалатын шығынды оңтайландыру және төлем тізімін қалыптастыру кезіндегі қателіктерді азайтуға көмектеседі.
«Әлеуметтік төлем аудару процесі – бейнеті көп жұмыс, өйткені әр төлем бойынша әрбір қызметкерге қатысты тізім қалыптастыру қажет. Оған қоса әлеуметтік төлем аудару кезінде салық төлеушілердің шығынына банк комиссиясы қосылады» делінген заң жобасының түсіндірме жазбасында.
Төлемдерді біріктіру бюджеттен тыс қорларға, мысалы, медициналық сақтандыру қорына төлем кешіктіру мәселесін шешуге көмектеседі. Биыл 1 маусымда 93,69 мың бизнес субъектілерінің МӘМС-ке берешегі 822,5 млн теңгеге жеткен. Салық органдары қадалағап отыратын бір ғана әлеуметтік төлем, кейбір аударым аударылай қалып, қате кетуінің алдын алады.