Жаңалықтар

Қытайда халықтың 80% – ға жуығы иммундалды

Бүкіл ел бойынша 2,113 млрд екпе жасалды

Қытайда халықтың 80% – ға жуығы иммундалды,-деп хабарлады ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілі У Лянъю. Бұл туралы Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

«Бүкіл ел бойынша 2,113 млрд екпе жасалды, 1 компонентті алған азаматтар саны 1,095 млрд-қа жетті, халықты қамту үлесі 77,6% – ды құрады».         

969 миллион қытай азаматы коронавирустық инфекцияға толығымен егілді. COVID-19 анықталғаннан кейін, Қытай сыртқы және ішкі шекараларды бірден жауып тастады және қазір бұл ел бүкіл әлемде вирус жұқтырған адамдар саны бойынша 109-шы орында.  Бүгінгі таңда коронавирустың 95 064 фактісі тіркеліп, 4 636 адам қайтыс болды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қыркүйектен бастап әлемде COVID-19 ауруы төмендей бастағанын айтады. Қыркүйектің бірінші аптасында 700 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушылары анықталған тамыздың соңғы күндерімен салыстырғанда әлемде аурушаңдық көрсеткіші төмендеді. Қазір орташа көрсеткіш 600 мың адам деңгейінде қалыптасты. SARS-CoV-2 вирусының таралу қарқыны Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Азия елдерінде төмендеді. ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда әлемде 221 миллионнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталды.