БҰҰ Сирияның солтүстік -батысындағы Идлиб қаласына гуманитарлық жүк тиелген 22 жүк көлігін жөнелтті.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Гуманитарлық жүк тиелген жүк көліктері Түркияның Хатай провинциясының Рейханлы аймағындағы «Джильвегезю» бақылау -өткізу бекеті арқылы Сирия аумағына жол тартты.
Гуманитарлық көмек Идлиб пен оның айналасындағы аз қамтылған отбасыларға таратылады.