Тәліптер ислам республикасын бақылауға алғаннан кейін елден қашып, БАӘ -де паналаған 72 жастағы Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани өз халқынан кешірім сұрады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Экс-президент Кабулдан кету оның өміріндегі ең қиын шешім екенін баса айтты. Бірақ ол 1990-шы жылдардағы азаматтық соғыс кезінде қалада болған жағдайды қайталамаудың жалғыз жолы осы деп есептеді.
Экс-президенті БАӘ-ге 169 миллион доллар алып, қашып кетті деген айыпты жоққа шығарды.
Ол өзінің 20 жылын Ауғанстанның «демократиялық, өркендеген және егеменді мемлекет» болуына көмектесуге арнағанын атап өтті.
15 тамызда елден кеткені үшін ауған саясаткерлері тарапынан қатты сынға ұшыраған Ғани жақын арада «кетуге себеп болған себептерді» ашатынын айтты.