Еңбек инспекторлары 18,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жарияланды
Оларға 4 млрд 359,9 млн теңге төленді

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 706 кәсіпорнында 20,1 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 430 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 886 нұсқама беріліп, 100,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 359,9 млн теңге төленді.

 

Сондай-ақ оқыңыз