2021 жылдың қаңтар – тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 236, 7 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау сайты мәлімдеді.
2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,7 млрд теңге бөлінді.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 235 мың адамды құрайды.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 99 857 теңгені құрады.
Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі – МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ды, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.