Жапонияда халықтың жартысынан көбі коронавирусқа қарсы епке алды
Жарияланды
Елде індетке қарсы вакцинаның үш түрі бекітілген
Жапонияда коронавирустық вакцинаның екі дозасын да қабылдағандар саны ел халқының 50% -нан асты, деп хабарлайды NHK телеарнасында Жапонияның экономикалық қалпына келтіру министрі Ясутоси Нисимура. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Толық вакцинацияланған адамдар саны халықтың жалпы санының 50% -нан асты. Егер біз вакцинацияның ағымдағы қарқынын сақтайтын болсақ, онда халықтың 60% -дан астамы осы айдың соңына дейін екі дозаны алады деп күтуге болады», – деп үсіндірді министр.
Жапонияда вакцинация 17 ақпанда басталды. Елде коронавирустық вакциналардың үш түрі бекітілген – Pfizer, AstraZeneca және Moderna.