Жаңалықтар

Еліміздің 11 өңірі«Қызыл» аймақта

Жасыл аймақта Түркістан облысы ғана

2021 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің 11 өңірі«Қызыл» аймақта. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау,Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары

«Сары» аймақта : Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.