Қырғызстанның сыртқы сауда көлемі 20 пайызға өсті

Жарияланды
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6 пайызға өсті

Қырғызстанның 2021 жылғы қаңтар-шілдедегі сыртқы сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6 пайызға өсіп, 3,8 миллиард долларды құрады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ұлттық статистика комитетінің экономикалық статистика және ұлттық есептер департаментінің басшысы Эльвира Исенқулова мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл ретте экспорттық жеткізу 16,5 пайызға төмендеді, ал импорт 40,3 пайызға өсті.

 «Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен 2021 жылғы қаңтар-шілдеде тауар айналымы 1,8 миллиард долларды құрады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 26 пайызды құрады. Бұл ретте экспорттық жеткізілім көлемі 40,8 пайызға, ал импорт 21,7 пайызға өсті. ЕАЭО елдерімен өзара сауданың үлкен үлесі Ресейге тиесілі – 64,8 пайыз, ал Қазақстан – 32,8 пайыз », – деді Исенқулова.

 

Сондай-ақ оқыңыз