Сауда-саттық қорытындысы бойынша 10 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,4%-ға (424,85 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 426,52 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды.Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
Оңтүстік Африка ранды елдің мықты статистикалық деректері аясында 0,7%-ға (14,31-ден 14,21-ге дейін) нығайды: елдің төлем балансының профициті рекордтық жоғары деңгейге дейін, яғни – ІЖӨ-нің 5%-нан аса өсті;
Индонезия рупиясы АҚШ пен ҚХР басшылары арасындағы келіссөздер туралы хабарлар және қарым-қатынастың жақсаратынына үміттену аясында 0,4%-ға (14263-тен 14203-ке дейін) нығайды;
Мексика песосы апта ішінде өзгеріске ұшырамай, 0,2%-ға (19,93-тен 19,89-ға дейін) нығайды;
Ресей рублі жаһандық инвесторлардың тәуекелге қызығушылығының азаюы және мөлшерлеменің талдаушылардың күткенінен азырақ қарқынмен өсуі аясында 0,5%-ға (72,8-ден 73,19-ға дейін) әлсіреді. Орталық банк негізгі мөлшерлемені 6,75%-ға дейін 25 б.т. көтеру туралы шешім қабылдады;
үнді рупиясы доллар индексінің өсуі және капиталдың әкетілуі аясында 0,7%-ға (73,02-ден 73,5-ке дейін) әлсіреді;
Бразилия реалы президент Жаир Болсонару мен елдің сот органы арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты алдағы жылғы сайлау қарсаңында саяси шиеленістің күшеюі аясында, 1,2%-ға (5,19-дан 5,25-ке дейін) әлсіреді;
түрік лирасы Орталық банк басшысы Сахап Кавчиоглуның Орталық банктің базалық инфляцияны талдауға көбірек әсер ететіні және оның пайыздық мөлшерлемелерді төмендету құралы бола алатыны жөніндегі мәлімдемесі аясында 1,8%-ға (8,32-ден 8,47-ге дейін) әлсіреді.