Нұр-Сұлтан – Мәскеу және Алматы – Мәскеу бағыттарында әуе рейстері санын арттыру, сондай-ақ екі ел өңірлері: Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Санкт-Петербург, Махачкала, Грозный, Калининград, Новосибирск, Омбы қалалары арасында рейстерді ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Қазақстан жағынан рейстерді «Air Astana», «SCAT», «Qazaq Air» және «Fly Arystan» әуе компаниялары орындайды. Қазіргі уақытта ұшу кестелері әзірленіп жатыр.
2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер санын аптасына 54-ке дейін ұлғайтуға рұқсат етілді.