Алматыда қала күні онлайн түрде өтеді

Жарияланды
Алаңдар мен саябақтар ашық болады

Жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде алматылықтар атап өтетін Қала күнін мерекелеуді ұйымдастыру бойынша онлайн форматта жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Биыл Қала күніне орай іс-шараларды өткізудің екі нұсқасы әзірленді, атап айтқанда, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың дамуына байланысты офлайн және онлайн-шаралар қарастырылған.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыз әрі Алматы қаласының әлі де «қызыл» аймақта екенін ескере отырып, барлық мәдени іс-шараларды онлайн режимде өткізуге шешім қабылданғанын айтты. Офлайн форматта өтетін барлық мәдени, ойын-сауық және бұқаралық көңіл көтеретін іс-шаралар тоқтатылды.

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында бірқатар нысандар ашық болады, яғни скверлер мен саябақтар, балабақшалар, мектептер жанындағы жаңа корпустар жұмыс жасайды, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері тапсырылады және және т. б. Вакциналанған қалалықтар карантиндік шектеулерді қатаң сақтай отырып, әлеуметтік және қайырымдылық шараларына қатыса алады.

Қала күнін мерекелеу кезінде мегаполис тұрғындары мен қонақтары дертті жұқтырмауы тиіс. Сондықтан, мониторингтік топтар Полиция департаментімен бірге ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінен бастап алдағы апталарда белгіленген шектеулерді бақылау шараларын күшейтетін болады. Сонымен қатар, аудандар әкімдіктері еріктілер ұйымдарын тарта отырып, адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық посттар мен патрульдердің жұмыстарын жандандырады. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы вакциналануды кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады, қалалықтарға ыңғайлы болу үшін жылжымалы егу пункттері жұмыс істейтін болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз