Нұр-Сұлтанда «қызыл» статусы бола тұра оқшаулау режимін бұзғандар анықталды

Жарияланды
Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510тг көлемінде айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 бойынша ПТР-тестінің оң нәтижесі анықталғаннан кейін карантиндік шектеулерді, сондай-ақ екі апталық өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатындар бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Карантинді бұзушылар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін сауда-ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықталды.

Соған сәйкес, ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510тг (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз