Жаңалықтар

Б.Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

Әкімнің айтуынша, отбасыларға барлық тиісті көмек көрсетіледі

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына барды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Б. Сағынтаев Алатау ауданындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. Әкімнің айтуынша, отбасыларға барлық тиісті көмек көрсетіліп, қолдау шаралары қабылданбақ.

 Хабарланғандай, Алатау ауданында сот қаулысының орындалуы кезінде бес адам, соның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты.