Қырманнан астық ұрлағандар ұсталды
Жарияланды
Жұмысшылар 12 тонна өнімді сатып үлгерген
Павлодар облысы, Успен ауданындағы шаруашылық басшысынан полиция департаментіне бидай мен арпа ұрланғаны туралы шағым түсті.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілерді ұстады. Белгілі болғандай, жұмысшылардың бірі жиын-терім жұмыстары басталғалы 4,6 тонна бидай мен 4 тонна арпаны ұрлаған. Жалпы шығын көлемі 1 млн теңгеден асып отыр. Тағы бір топ қызметкер 330 мың теңге болатын 3,2 тонна арпаны қырманнан шығарып, сатып жіберген.
Павлодар облыстық полиция департаменті аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.